Микротолқынды пештер: тарихы және инновациялар

Микротолқынды пештер: тарихы және инновациялар

 

―30 жыл бойы үздік идеяларды дамытып, жетілдірудеміз―

Панасоник микротолқынды пештерінде қолданылатын технологиялар аспаздық мүмкіндіктерді барынша кеңейту және тіпті пайдаланушылардың ең талғампаз үміттерін қанағаттандыру үшін үнемі жетілдіріліп отырады. 2018 жылы Панасоник компаниясы микротолқынды пештер эволюциясының маңызды кезеңі болып табылатын инверторлық технологияны алғаш қолданғаннан бері 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

Қолдануға оңай және ыңғайлы техника

1965 жылы Panasonic компаниясы микротолқынды пештерді алғаш рет нарыққа шығарған кезде, одан әрі жетілдірудің негізгі мәселелері пештің үлкен салмағы және пайдалануды жеңілдету болды. Үй жағдайында ас дайындау процесін жеңілдетуге деген ұмтылыс біздің әзірлеушілерді салмағы аз және қолдануға ыңғайлы микротолқынды пештерді шығаруға мүмкіндік беретін инверторлық технологияны жасауға шабыттандырды.

Энергияны үнемдеуге ұмтылыс

Бүкіл әлемде қоршаған ортаны ұтымды пайдалануға көбірек көңіл бөліне бастағандықтан, Panasonic әзірлеушілеріне электр қуатын үнемдеу мақсатында микротолқынды пештердің тиімділігін арттыру міндеті қойылды. Инверторлық технологияны енгізу мен жетілдірудің арқасында электр энергиясының аз шығыны кезінде үлкен шығыс қуатпен ас дайындауға мүмкіндік туды

Үлкен сыйымдылық және
пайдаланудың қарапайымдылығы

2010 жылы Panasonic компаниясы айналмалы үстелсіз микротолқынды пешті ұсынды. Мұндай конструкция бір уақытта көп мөлшерде тамақ дайындауға мүмкіндік береді. Ас дайындау процесі тезірек, ал микротолқынды пешті тазарту процесі әлдеқайда жеңілдей түсті.

Қолдануға оңай және ыңғайлы техника

Жаңа жетілдірілген инвертордың көмегімен сіз аз уақыт ішінде көбірек тағамдар жасай аласыз. Біздің инженерлер оның қуатын арттырып, бір уақытта қуат тұтынуын азайтты, бұл микротолқынды пешті грильмен және басқа пісіру режимдерімен үйлестіруге мүмкіндік берді. Инвертордың шығыс қуаты мен азық-түлікті өңдеу уақытын автоматты түрде орнатуға болады - ыңғайлы "Автоматты мәзір" функциясын пайдаланып, бір батырманы басу арқылы.

Артық қимылсыз ас дайындау уақытын қысқарту

Panasonic компаниясы микротолқын мен гриль арқылы пісіру технологиясын біріктіретін арнайы гриль табасын жасады. Таба микротолқындарды сіңіріп, оларды жылуға айналдырады, пісіру кезінде тағам үстіңгі жағында грильмен, ал төменгі жағында табаның жылуымен қызады. Нәтижесінде, тағам оны айналдырмай-ақ, үстіңгі және астыңғы жағынан бірдей, тәбетті ашатын қытырлақ қоңыр қыртысқа ие болады.

Инверторлық технология әрқашан біркелкі
қыздыруды қамтамасыз етеді

Микротолқынды пешті пайдаланушылар тамақтың біркелкі емес қыздырылуына өте жиі наразылық білдіреді. Panasonic компаниясы микротолқындардың біркелкі таралуы туралы бай тәжірибесі мен білімін қолданды, бұл ас дайындау уақытын қысқартуға және тамақты қыздыру мен жібітудің оңтайлы және біркелкі деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Үздік идеяларды дамытып, жетілдіреміз

30 жыл бұрын Panasonic компаниясы алғаш рет инверторлы микротолқынды пешті ұсынды. Біз микротолқынды пештерде тамақ дайындаудың ыңғайлылығын, жылдамдығын және сапасын арттыру үшін өз технологиямызды үнемі дамытып, жетілдіріп отырамыз. Уақыт өзгереді, бірақ біз өз қағидаттарымызға адал болып қала береміз. Асты сүйсіне дайындаңыз!